Қыз-Тасына қиялап

Қыз-Тасына қиялап,
Өрмеледі өңкей жас.
Барда қуат-тиянақ,
Таямын деп қорынбас.

Бұрғыдайын бұралған,
Оратылған ұңғы жол .
Бұйрық болып Құдайдан,
Ұқсап қапты жыланға ол.

Бір Аллаға мың тілек
Айтып тұрдық біз қасқа.
Үңғы жолды үңгілеп,
Жастар шықты Қыз-Тасқа.

Қуған жаудан бұғынған,
Көрді аруды үйінде.
Жылан басын сығымнан
Шығармаған күйінде .

Аңызсыз бұл ақиқат,
Куәгермін шындыққа.
Тарих және табиғат –
Тәнті ұстаз ынтыққа .
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 3 =