Қыз-Тасы — ер сақшыдай

Табжылмас та аттамас,
Текше-текше тақта тас .
Маңқиып тұр көл кешіп,
Маңында жоқ бақталас.

Қыз-Тасы — ер сақшыдай,
Дара тұлға жақсыдай.
Тасыр, түлей мәңгүртке
Шайқы-бұрқы бақсыдай.

Бас-аяғын барласаң,
Зерделі көз алмасаң,
Сыры, жыры таусылмас,
Айтсаң-дағы қай-қашан.

Елестетсе түстіктен
Сәукелелі мүңдықты,
Елестетер батыстан
Қарт әжені күндікті.

Көл күзетіп күндіз-түн,
Керуен күйлер шертеді.
Түйдек-түйдек өткізген,
Тарихы — аңыз, ертегі
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 5 =