Ақша – түлкі, аунауды ұнатады

Ақша – түлкі, аунауды ұнатады.
Қанша аунаса,- соншама үн қатады.
Қарға аунаса,- құлпырып, қарға бұрып,
Құлын құны кұнан боп қунатады.

Қолдан қолға жүгірсе, қылығы артып,
Биші қыздай маңғазсып шығар шалқып.
Таңдайды ие қатты қол, күймес сандық,
Қалталыдан қалталы ырысы артық.

Несиені , қарызды жек көреді.
Өсім берсе,- етпеттеп еп көреді.
Құлағын да ұстатпай, бездіреді
Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені.

Ақша заңын бұзбайды ғапылдыққа.
Қайыр, мейір не нәрсе? Жақындық па?
Ақша ессізді жұмсайды қатулыққа,
Қанжоса қып қанжар сап татулыққа.

Ақша аунаса,- ақшалы жайнаң қағар.
Он саусағы майысып маймаң қағар.
Ақшаны да аунатар айдай жігіт,
Ақша аунатар ай жігіт қаймаңда бар?

Ақшаңды аунат,- сатып ал өтетінді.
Тәулік етпей ақша боп кететінді.
Машинамен, ұшақпен ақша қаттап,
Алушысы алыстан жететінді.

Аунат, аунат, ақша аунат, жылдам аунат,
Жерге табан тигізбей зарла заулап.
Сейфтерге құйылсын, банктерге,
Аспанан да, жерден де ақша саулап.

Ақшаңды аунат, бауырым, ғажап болғын.
Күдік-күман, уайымнан азат болғын.
“Караванша” көсіл де, байып алып,
“Караванды” тұқыртар қазақ болғын.

© Естеу Нүсіпбеков

Сурет www.foto.inform.kz сайтынан алынды

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 + 19 =