Қар жауған күнгі қала таңы

— Жаяуласаң,- омбылайсың белден қар,
Машиналың ақырын жүр, жолды аңғар.
Сақтаныңдар қарттар менен сәбилер,
Құлақ түсір, қымтаныңдар тоңғандар…

Дегенді ымдап, бозаңдады қыс таңы.
Ұлпа оранған ағаштың да ұштары.
Шатырлы үйлер ақ маяға ұқсайды,
Болмаса тек будақ-керней тұстары.

Тайга шұбап тротуарға сап құрған.
Талай бұтақ сынып, қарын лақтырған.
Қайың-жігіт зорға шыдап бүгіліп,
Биші талдар бураң қағып шақ тұрған.

Шықты айқасқа бульдозерлер шаңдатып,
Ақ мұхитқа алыптығын аңдатып.
Шықты айқасқа «Жетіжүздік, Жүздіктер»,
Тиегішке сүйрегішін жандатып.

Үйрек тісті, болат тісті — сүңгілі
Грейдрлер ақ жотаны үңгіді.
Әппақ-әппақ мақта теңдер тиеп ап,
Самосвалдар көше-өзенге сүңгіді.

Ағылған сең ерсілі де қарсылы,
Баяулады авто көлік аршыны.
Жаңылмайды кезегінен үш көздің
Қиылыста светафор айшығы…

Алаң жақта жып-жинақы түйінген,
Бөрік, жаға — бәрін ақтан киінген,
Ескерткіштер алға адым аттап тұр,
Күткендей боп серіктерш бүйірден.

Аллей жақта арқалап ақ жүктерін,
Ақ кеуделік сыртқа аударып түктерін,
Шаңғы тебе шығатындай тау жаққа,
Ақ Ораз тұр тапқандай топ күткенін.

Мен асығыс бет түзеймін мектепке,
Балғын бауыр балаларға жетпекке.
Балалардың жаны — көктем, көзі — күн,
Деп тұрады бізге қарай етпетте.

Етпеттеймін, қарды малти кешемін.
Сұлу сурет ой табамын неше мың.
Қысқы қала суретін сап сөзбенен,
Жас өренге ой түйінін шешемін.

© Естеу Нүсіпбеков

Сурет   www.photosight.ru  сайтынан алынды

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь + девятнадцать =