Әже көзі

Сабын сәндеп ораған сары жезбен,
Ақ күмістеп безеген моншақ көзбен.
Сезімдерді тіл жетпес зергерлікпен
Сөйлетуді сәулеттеп сергек сезген.

Көз тартады қыз қамшы қырғыз өрме,
Замандардан заманға болған көрме.
Домбырамен, торсықпен қатарласып,
Түзеп ойын керіліп тұрды төрде.

Топшысы да мойны , ұшы күмістелген,
Шағын тұрқы тап-таза бүгістерден.
Сонау өтміш тарихтан сыр ақтарып,
Секілденді сыбырлап дыбыс берген.

Ұстап кепті әжесі төркінінен,
Өскен ерке оң жақта өр күнінен.
Таныстырды мақтанмен отағасы,
Әже көзін әулеттің көркі білген.

Әже көзі жеткен қос ғасыр аттап,
Дәстүрге адал, салтқа адал асыл аппақ.
Аяласын ұрпағын қасиеттеп,
Марқаясың тәбәрік шашу ап қап.

Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

2 ответа к «Әже көзі»

  1. Ақ жаулықты әжелердің жолын берсін. Дәстүрге мығым, салтқа саңлақ болайық ақ әже, аяулы аналар!

  2. Мына өлеңді оқығанда марқұм Рәбиға әжем есіме түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шесть + четырнадцать =