Биле өзіңді

Биле өзіңді, өзіңе бол да басшы,

Дос, туыстың мінін айт болса да ащы.

Өмір – тартыс құбылса күн, түн сайын,

Соны сез де кідірмей хатқа басшы.

Әділеттен ауытқып, көңіл жасқап,

Әлде кімдер жүрсе егер сырттан ластап.

Қамшысымен өлеңнің иіріп ал,

Саяқтарды үйірге сөзбен бастап.

Өлең ерін ерттедің қай шақ атқа?

Не тындырдың әр тәулік, әр сағатта?

Нелер жаздың жалт бұрар жұрттың көзін,

Болатындай бір мықты бар санатта?

Кімнен жұтаң ойларың, кімнен кедей?

Жиғандарың аз емес күйбеңдемей.

Тыққыштамай бір кітап ұсынар ең,

Арашаға түсер ме білгір көмей.

Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать + шесть =