Бала шақтан үйреніп сөз өнерін

Бала шақтан үйреніп сөз өнерін,
Иеленсем деп едім жез елегін.
Ортасынан өмірім қақ бөлінді,
Есейгенде ел алып өз өлеңін.

Ел ұсынды екі жол танылуға:
Бірі — білім, бірі – ақша – жан ұруға.
Алдынғысын таңдадым – аңсағаным,
Ес дұрыста хақым жоқ жаңылуға.

Оқығанға – қиындық ұрынбай ма,
Оның жайы бар еді бұрын да ойда.
Дегенмен көп дос,туыс жаратпайды,
Естен кетпес мінезбен бұл ыңғайды.

Кемдігім бе? Өсіппін өз бетіммен,
Тигізбесем деп қылау – көзге тікен.
Жалтаңдауды ар көрдім, жалбақтауды,
Ырас, әлі жерім жоқ тез жетілген.

Ойы да бар өнердің, қыры да бар,
Өте сирек кездесер сыры да бар.
Алыбы бар ақ жолды, нәзігі бар,
Орай күткен басбаққан ұры да бар.

Ұқсамадым мен оның біріне де,
Қарамаймын тіпті өзі түріме де!
Ой толқынын төске алып, ұиынды іздеп,
Сөз шүйілткім келеді іріге де.

Сонымен де мен жүрмін таныла алмай,
Бұлбетімнен не жазып жаңыла алмай.
«Әлін білмес — әлек»  деп сөге көрме,
Немесе бұл жан деп бір қаны қандай.

Өнер жолы – тайғақта! – бар сенерім,
Жүре алмасым сондықтан алшаң басып.
Мықты ақын мен мықты сын ойлар мұны,
Қияс кетсем – ол да мін – жаңсақ жерім.

Ақша іздемей, сондықтан білім қудым,
Ауыр оймен бойымды жылындырдым.
Отызымда қоңылтақ студент боп,
Ақшаға мәз құрбыға қырын кірдім.

Қайнаса да не шара қаным қанша,
Бәрі бір ғой өлеңнен бағым жанса.
Алыстаса бүгінде ерік өзінде,
Шыдайын мен, мені олар сағынғанша!

Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать + два =