Ғасырым ту тіктірді

Еш зордың көнбегін деп мазағына,
Ғасырым Ту тіктірді қазағыма.
Билікті бейбіт жеңдік бас идіріп,
Тартпай да жауапкерлік жазалыға.


Осында үлкен сыр бар астарланған,
Жәй көзге шалынбайтын басталғаннан.
Қалайда биіктік бар асқарланған,
Көз сұқтап қарай алмас жасқанғаннан.

Сөнбесе кеудеде шоқ шамалы ұшқын,
Кім құнын құнсыздайды бағалының?!
Туын тік қолына алды бүтін Алаш:
Бегарыс, Жанарыс пен Ағарыстың.

Ол – Туы туыстықтың, ынтымақтың,
Ол – Туы тату көңіл күншуақтың.
Жібердік желге өргіні, селге ылдиды,
Кек қуып демейді ешкім құн сұратқын.

Көбейтті досты Көк Ту іштен, тыстан.
Көбейтті ниеттесті төрткүл тұстан.
Сеніммен қарағанға Көкжал елдер,
Ішқұста көре алмаған дертті дұшпан.

Көктұнық, көк көлім көп, бет жуыңдар.
Көзі тар, көңлі тапшы көп шуылдар.
Сеніммен нық аттаймын алға қарай,
Көгертер көсегемді Көк Туым бар.

Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать + три =