Бір Аллаға жалынған таупиқ, таубам

Бір Аллаға жалынған таупиқ, таубам –
Бар тірліктен ап қайтар олжа-сауғам.
Көз жазбайын жолымнан, сенімімнен,
Қорғанайын әзәзіл шайтан-жаудан.

Жаңылмайын таубамнан, таупиғымнан,
Ажал жетіп алғанша алқымымнан.
Жаңылмайын ораза, намазымнан,
Жеткен жаңа жетпіске қарқынымнан.

Өлең, сен де оқылғын дұғадайын,
Жүрегімнің әмірін құп алайын.
Алла сөзін аят қып тыңдатайын,
Қазіретты тыңдайын жұма сайын..

Естеу Нүсіпбеков, 2003 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × 2 =