АЛЫПТАР ЖОЛЫ
Ақ түтекте
Көбік қар асатқызып,
Ат құйғытып,
Әр тұстан қасат бұзып,
Қатар-шыққан қазақтың алыптары
Өткел, көпір тастапты жасатқызып…
Ақылы — көл, дария танығанға,
Қайрақтай ой қылпытар жанығанға.
Қазақтықты бойыңнан тулатады,
Қуат құйып қоп-қою қаны қанға.
Шыққан жақсы қорғаншақ қалыптардан,
Ақыл таңдап, жол таңдап алыптардан.
Өркені өскен ту етіп түріктікті,
Үлгі алған жөн таза қан халықтардан.