Сөзден Ас Әзірленсе

СӨЗДЕН АС ӘЗІРЛЕНСЕ

Сөзден ас әзірленсе, түйтік дәмдеп,
Пейілді үн мәнерлейді дітпен пәмдеп.
Бойға тез сіңіреді тәбет дәндеп,
Мейірің жадырайды, жан елеңдеп.
Қостабақ дәметеді құдадайын,
Тоғайған ындын мен ес демдеп, сәндеп.

Ал егер түйтік пен діт сұйықталса,
Сөз іріп, бүлдіреді ішті әлемдеп…
Ірік сөз кімге жақсын пейіл бұзбай,
Қызыр-Құт үрке қашар әлек-шәлек.
Топ алды сөге алмайды , кінә тағып,
Қойдай дау қамайды ішке текті әдеп…
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × два =