Басымнан бермесем де билігімді,
Үлкенге ұмытпаймын илігуді.
Жол берем кішілікпен кісілікке,
Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді.
Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр,
Елеусіз оларға да беремін төр.
Кенделік емес шығар пенделігім,
Кішілік мінім болса түзетер көр.
© Естеу Нүсіпбеков