МАЙМЫЛ, ТАСБАҚА, АРЫСТАН, ТҮЛКІ ЖӘНЕ ЕСЕК

МАЙМЫЛ, ТАСБАҚА, АРЫСТАН, ТҮЛКІ ЖӘНЕ ЕСЕК

( Мысал әңгіме)

Ұйғыр жазушысы Әбдірейім Өткірдің

“Оянған өлке” романынан.

Баяғы өткен замандардың бірінде маймылдар қауымында олардың Кардан деген патшасы болыпты. Жасы ұлғайып әбден қартайған шағында тағына мұрагерін отырғызып, өзі оңаша таудың терең аңғарына барып қоныстанып алыпты. Ол жайғасқан аңғарды қақ жарып мол сулы асау дария ағады екен.Бүкіл аңғар пісте мен бадам, алмұрт пен әнжір тәрізді тамаша тәтті, шырынды миуа жемістерге тұнып тұрады екен.Кардан маймыл жегені алда, жемегені артта, осындай әсем табиғат аясында  бұтақтан бұтаққа жабысып қарғылап ,рахатта өмір сүрып жатыпты.

Күндердің бір күнінде әнжір ағашының бір ашасында жалғыздықтан жалығып, іші пысып отырғанда, дариядан сөлбірейіп шыққан тасбақаға  көзі түседі. Ол жыбырлап жылжып, өзі  ашасында отырған әнжір ағашының түбіне келіп аялдайды. Тасбақа бойындағы қалжыраңқы аштықты аңғарған маймыл әуелінде ермек үшін төбесінен екі түйір әнжір тастайды.Тасбақа апыл-ғұпыл оларды  жейді. Мұнысын қызықтаған маймыл тағы да екі-үш әнжір тастайды.Оларды да тездете теріп жеген тасбақа күңкілдеп: “0й, тауба, неше жылдан бері аспаннан жеміс жауып тұратын бұл жерді неғып білмегемін осында жүріп” дейді. Тасбақаның өзіне өзі айтқан бұл сөзін естіген маймыл мырс етіп күліп жібереді.Төбе тұсынан күлген Карданды көрген тасбақа әлгіндегі әнжірлерді тастап тұрған осы екенін енді біледі.

Тасбақаны аңқау екен, адал екен деп ойлаған Кардан маймыл ағаш басынан түсіп,оың жанына жақындап шүйіркелесе бастайды.Екеуі де : тасбақа қолы ашық, көңлі дарқан жомарт тапқанына, ал Кардан маймыл жалғыздықтан арылғанына мәз болысады. Содан бастап, тасбақа да, маймыл да күн құрғатпай осы маңнан табылатын болады. Бақаның қарны миуа-жеміске тойынады, Кардан басынан кешкендерін ақтаруға тыңдаушы тауып іш құсасын босатады. Екеуі әбден достасады, тіпті бірін-бірі көрмесе тұра алмайтындай болады.

Осылайша күн артынан күндер, ай артынан айлар өтеді. Бірақ бұл көңілділіктің де шырқы бұзылады.

Қызық күндердің шырқын бұзушы тасбақаның әйелі болады.Ол өте қызғаншақ, іші тар бір бейшара  екен.Тасбақаның ұзақ-ұзақ кешігетініне шыдамаған ол күйеуіне: “Қайда бардың? Сонша жоғалып кеткенің не? Әй, көңілдес тауып алдың-ау деймін!..”деген сұрауларды көбейтеді.Ақыры бақа бар шынын ақтарады. Бірақ маймылмен жолығулары мен ұзақ шүйіркелесуін тоқтатпайды. Қайта қоюлата түседі.Күйеуінің бұл қылығына ызалана түскен қызғаншақ әйел күйеуімнен айырылып қалам ба деген уайыммен ішіндегі қыжылын мәлідегі жадігер кемпірге айтып, кеңес сұрайды.

Қызғанышты әйелдің аңысын аңдаған жадігер кемпір:

–                   – Оның жарасы жеңіл,- дейді сиқыр көзін ойнатып,- Сары үлбіректі суға езіп,бетіңді күнде сонымен жуа берсең, бірнеше тәулікте-ақ сары аурумен ауырғандай сарғайып шыға келесің. Сонан кейін  күйеуіңе :”Көрдің бе, мені?”де де, төсек тартып жатып ал.Сұрыңды көріп шошынған күйеуің тұс-тұсқа жүгіріп тәуіп іздейді. Өзінен-өзі қаңқалақтап маған келкері сөзсіз.Онан арғысын өзім туралаймын.

–                 Тасбақаның әйелі жадігер кемпір аузынан шыққанды түгел орындайды.Жан таппай тәуіп іздеген тасбақа өз мәлісіне танымал жадыгер апасын алып келіп, әйелін қаратады.Жамандықпен жаны уланған жадыгер кемпір:

–                 Әйеліңнің халі мүшкіл,- деп бастайды жаттанды жадылық сөзін,- Айырылып қалуың да мүмкін. Бұл аурудың бір-ақ емі бар. Ол – маймылдың жүрегі. Тасбақаның қатты шошып уайымдай бастағанын түйсінген кемпір орайлы сәтті оңтайлы пайдаланып, – Естуімше , бір маймылмен достық байланыста көрінесің ғой.Сол достығыңды осыған пайдаланғаның оңтайлы болар дейм

–        ін!- дегенді де айтып салады.

Не дерін де, не істерін де әлі айыра алмай отырған шабан ойлы тасбақа:

–                 Ой, апа-ау! Ол досым жүрегін қайдан қисын?! Айрылысар дос ердің артқы қасын сұрайдыға ұқсамаймын ба онда?!-деп желкесін қасиды Тасбақа.

–                 Сонда жадыгер:

–                 – Шырағым-ау , жүректі одан сұрап ал деп отыр деп түсінесің бе менің ойымды?! Алсаң, оның жүрегін суырып аласың да, тәйірі.Ендігісі сенің ісің,қарағым. Жігіт адамға ынжықтық жараспайды.Қатал да батыр жігіт қана жүрек жұлып ала алады. Немене? Саған өзіңді жанындай жақсы көретін қойныңдағы әйелің керек пе, жоқ әлде қай-қайдағы албасты бет маймыл керек пе?! – деп едел-жедел жылдам жиналып, үйден шығып кетеді.

–                 Ақылы аз тасбақа аз ойланған соң, өз ниетін өзі қарақтай бастайды. Арам пиғылын ішке түйіп Карданға келеді.

–                 Кардан одан ең әуелі неше күннен бері неге келмегенін, онан соң өңі түсінің бір бозарып, бір сұрланып отырғанын байқап, оның жайын сұрастырады. Тасбақа әйелйнйң ауыр халін хабарлап,соның жағдайымен шарадай басының шақшадай болғанын айтып, бұл жолы маймыл досынан көмек сұрай келгенін мәлімдейді. Осындай қиын кезеңде өзімен бірге Карданның да өз үйіне кіріп шығуын, әйелінің көңілін сұрауын қиыла өтінеді.

–                 – Мүмкін сіздің мүбәрәк қадамыңыз бен қалтқысыз ықыласыңыз шарапатынан әйелім сақайып та қалар . Ондайда менің де төбем көкке жетер дегенді де қосады.Тасбақаның азардағы сөзін тыңдаған маймылдың көңілі босап, жүрегі елжірейді.Бақа өтінішін орындауға бекінген иі жұмсақ маймыл ;

–                 -Мен суда жүзуді білмеймін ғой, мына өзеннен қайтіп өтемін?-дегенін де сезбей қалады.Қуанып кеткен тасбақа судан өзі арқалап өткізетінін айтып елпеңдейді.Аңқау маймыл қауіп ойламай тез келіседі. Тасбақаға мініп дарияға түседі.Өзен ортасындағы асау тасқынға жете бере Кардан тасбақаның жайсыз қимылынан секем алып, одан “Ей, не істегелі жатырсың?” деп сұрайды. Тасбақа шімірікпестен арам ойын ашық айтады.”Маған сенің жүрегің керек. Енді өзенге тұншықтырып, сенің жүрегіңді суырып алмақшымын.  Ренжуіңнің де, ызалануыңның да қазір маған еш салмағы жоқ”- дейді.

–                 Ес-ақылын әбден жиған Кардан маймыл аяқ асты айла ойлайды. Бар даусымен қарқылдап күле бастайды. Маймылдың тосын күлкісіне таңданған тасбақа аңырып аузын ашып қалады.

–                 – Ой, досым-ай,- дейді маймыл күлкісін тоқтатқаннан кейін,- Сен бұл бұйымтайыңды дарияға түспес бұрын неге айтпадың? Сен біздің ата дәстүрімізді де білмейді екнсің ғой әуелі. Маймылдарда сапарға шығарда жүрегін үйіне қойып кеткетін салт бар. Сол салт бойынша әлгінде мен де жүрегімді жұмсақ орап үйге қойып шыққанмын. Саған керегін білсем, әлгінде-ақ ұстата салатын едім ғой, досым. Біз жүрексіз де жүре беретін мақұлықпыз,- деп , таңырқаған тасбақаның бүйірінен түртіп, өзіне қаратады.

–                 Тасбақа:

–                 – Енді қайтеміз?-дейді  мөлиіп.

–                 Маймыл:

–                 – Саған керегі менің жүрегім ғана болса, жүр онда уақытты босқа оздырмай. Дереу артыңа қайт. Үйімдегі жүрегімді ала саламыз да, сапарымызды қайта жалғастырамыз,-деп дебейлейді.Амлсыз тасбақа да осыған көнеді. Маймылды арқалаған күйі өзеннің өздері келген жағасына бет алады.

–                 Дарияның өз жағасына іліне бере тасбақадан қарғып түскен маймыл секіріп-секіріп әнжрінің басына шығып, шекесінің терін сүртіп, жан тыныштығын табады.Әлден уақытта, күте-күте сабыры таусылған тасбақа:

–                 – Қане, дос! Жүрегіңді тауып болдың ба? Тезірек жолға шығайық!-деп дауыстайды.

–                 Арғы-бергі ойын жинақтаған Кардан маймыл:

–                 – Мен саған жүрек емес, бір хикая  дайындап қойдым. Енді соны тыңда,- деп әңгімесін бастап кетеді.- Аңдар патшасы арыстан айықпас ауруға тап болыпты. Қотырдан үсті-басының түгі түгел түсіп қалыпты.Қызылшақа халге түскенде, бақсы-балгер, емші- домшыларды түгел жинап, бұл дерттен сап таза сақаюдың амалын айтыңдар деп қыстапты

–                 Сонда олардң арасындағы ең білгірі саналатын бір тәуіп:

–                 – Бұл аурудан тек есектің жүрегі мен құлағын жегеніңізде ғана ада-гүда сауығасыз депті.

Тәуіп сөзіне иланған арыстан түлкіні шақырып алып, оны бір есек тауып келуге жұмсапты.

Арыстан мекендеген аңғардың жақын қойнауында ағынды шағын өзен бар екен де, сол өзенге қаладағы бояушы бояған мақта-маталарын есегіне артып келіп осында суға шайып, есегін тұяқ кесті тақырға жайылтады екен. Осыны білетін түлкі  тақырда түртінектеп жүрген есекке келіп:

– Ой, байқұс-ай, мына қарыс жердегі тоғайды, ондағы жап-жасыл майса шөпті білмейді екенсің ғой. Жүр, сонда барып жайыл.Қожайыныңның жұмысын бітіргенше-ақ,қарныңды қампайтып аласың.Бап-балауса көк алсынға тез тойынасың ,- деп үгіт жүргізеді. Ақылсыз есек түлкі сөзіне имандай ұйыйды. Нұсқаған жағына жүріп береді.Жұмсақ балаусаны шолып келетін сипатын алған қу түлкі жылмаңдаған күйі бұта-бұтаны бүркене жортып, арыстанға да белгі беріп үлгереді. Екінші тұстан есекке де қайта оралып:

– Алдыңдағы тоғайда арыстанға айнығысыз ұқсайтын табиғи балбал тастар бар. Сен оларды арыстан екен деп қорқып жүрме.,- деп те жайбарақаттап қояды. Содан да шығар, көк майсаның қызығына кірген есек анадайда қатып-семіп тұрған қызылшақа арыстанды көзі шалса да, елең қылмаған күйде жайылып оның жанына тіпті таяу жеткенін де аңғармайды.Жанына әбден таяуын күткен “балбал тас” арыстан кенет атырылып, есекті көзді ашып-жұмғанша-ақ мыжғылап  тастайды. Ағаш тасасында осылай болуын күткен түлкі жылмаң қағып шыға келіп , әлгі емші тәуіп есектің жүрегі мен құлағын құсыл құйынып, дәрет алып жегенде ғана  шипалы болады дегенін аса ілтипатпен арыстанның   есіне салады. Қайтсе де азапты дерттен тез сауығуды ғана аңсаған арыстан түлкінің бұл ескертуіне өте риза болған арыстан :“Иә, мен оны ұмытып барады екенмін ғой! Жақсы , ..-деп, асып-сасып тоғай аралап өзенге бет алады. Ыстық қаны тұмсығынан ағып жатқан есекке тәбеті шыдатпаған түлкі арыстан бір бұтаны ары айланғанда-ақ шала өліктің жүрегі мен құлағын апыл-ғұпыл қылғытып , өз орнына шоқшия қалады. Өзеннен құсыл құйынып, дәрет алып, асыға жеткен арыстан өліп жатқан есекті олай аударып, бұлай аударып қарап, аң-таң болады.Не жүрек, не құлақ таппағанына ыза болған арыстан есектен: “Бұл қалай ?”-деп сұрайды. Сонда екі беті шылп етпеген түлкі айтады:

– Ой, тақсыр! Ол есектің жүрегі болса, менің тоғайға,сізге алдап бастап келуіме ілесер ме еді?! Құлағы болса, осы тоғайды басыңызға көтерген сіздің айбарлы үніңізді естьи тұра, алдыңызға қамсыз өз аяғымен жетер ме еді?!

–                    –  Естідің бе, тасбақа ?- деп әңгімесін түйіндейді маймыл әнжіртүбінде жауап күтіп тұрған тасбақаға.- Сол сияқты, мен ана есектей жүрексіз де, құлақсыз да емеспін. Құдайға шүкір.Құлағым да, жүрегім де, есім де өз орнында, өзімде. Сенің қара ниетіңді де алдану арқылы таныдым. Мұнан кейін маңайыма жолама. Арамзамен достығым осымен бітті.

–                   Сөйтіп , байқұс маймыл Кардан әуелі алдау мен арбаудан аман қалғанына, онан соң жанына сая астындағы әнжір ағашының ашасына, ең ақырында қысылтаяңда қиыннан айла тапқан ақылына құдай таубасын айтыпты.

–                                                          Аударған – Естеу НҮСІПБЕКОВ.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × 1 =