Бұқара Тышқанбаевқа

Естеу және ұстазы Бұхара Тышқанбаев

Тегін бе қимайтыным, ақын аға?!
Береді мекен бұрын қоғам баға.
Әйтеуір бола білдің менімен тұс
Көз ашқан жігіттерге жақсы жаға.

Ауылдан білім аңсап Құлжа келдік,
Сол кезден ойлы азамат Сізді кордік.
Қалайда Сізге еліктеп Сәбитті оқып,
Ақындық  қиялына тізгін бердік.

Кім білсін, тереңбіз бе, таязбыз ба?!
Болмадық ол кез тіпті баянсыз да.
Жұңгонің азат таңы құлшындырды,
Жетелеп игі ықылас аяалсызға.

Еңсере иінге сап жүк көтеріп,
Дедік тек нұрлы ертеңгі тік кетелік.
Бар ісін Жаңа Жүңго өзімсініп,
Демедік өлең жолын ілкі етелік.

Жақсы аға деп жырлаймын әлі де мен,
Жолдастай бірге оянған сәріменен.
Сол аян: Сізге сенем,  жырға сенем,
Жасаймыз жас өлеңмен кәрімеген.

1961 жылы жазылған.

.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × два =