Таудай талап берген тағдыр, япырай.

Таудай талап берген тағдыр, япырай,
Ең болмаса бақ бермепті тарыдай.
Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп,
Еңбекке сай сыбағама жарымай.

Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?!
Әлде менің жүйке жүйем темір ме?
Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе?
Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…

Мектепте үш жыл істемеген дәйекті
Бір су мұрын еңбегімді зая етті.
Жүрегі тас, кор көз соқыр кеудемен
Отты өшіріп, быж-тыж көңіл шая етті.

Асылдарым айырбас боп бақырға,
Тұлпар үміт тұл байланды ақырда.
Ұстаздықтың исі бармас мұрнына
Сол көр кеуде отырғызды тақырға
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 + 13 =