Шұғыла

Күннен саулап құйылған ақ нұр жарық!
Жерге, бізге жеткенше көрдің бе арып?
Алалауды біліп пе ең адамдарды?!
Нұрдан тудым десе де кейбір халық.

Адақтайсың әлемді дамыл таппай,
Ақ, қара деп, қоңыр деп белгі тақпай.
Сонда да бұл адамдар ала болды,
Тап туғалы зор таптан көріп қақпай.

Таласы бар содан да ақыл, нұрдың,
Аласы бар содан да ақыл-мидың.
Саған ұқсап кейбірі дана туды,
Ұқсай алмай кейбірі шала туды.

Даналары жайнап тұр шұғыладай,
Шалалары қайнап тұр буынардай.
Апаттардан, қырғыннан өлім шашқан
Кей түкпірлер әлі де суына алмай.

Құйыла бер сен мәңгі толайым көп,
Шомылайын нұрыңа ылайым дөп.
Сенен ғана нұр алған, жылу алған
Жарқылдаған бір сәулең болайын тек
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 + четырнадцать =