Yerzhan Nussipbekov

Yerzhan Nussipbekov

Айқасқа ақын

(Таңжарық ақынның 100 жылдығына) Үшбурыл Таңжарықты еркелеткен, Қызай ел қыз сүйдіріп серкелеткен. Сал, сері, тура бидің тұсында ол Бурадай буырқанып ерте жеткен.

Бексейітке

Қожакенің күйлері Кейде судай тасады. Көп иірім, иреңі Шайдай көңіл ашады. Кейде тасқа ұрылып, Ақ жал көбік шашады. Кейде еліктей қуылып, Тым-тырақай қашады. Кейде бояу самалдай, Сыбырлайды құлаққа. Кейде қаяу адамдай, Мұң шағады бұлаққа.

Саңлақ ой елді бастар сардар іске

(«Қазақ үні» газетіне) Саңлақ ой бастайды елді сардар іске, Мән берсе,- мәйек, ұйтқы әр дәріске. Ондай ой туған еді Орынборда, Толғағы жеткен, піскен болжалы іште Бастысы—газет, қазақ тіліндегі, Асылды жатқызбай қап түбіндегі, Халқына теңдік іздеп, жоғын жоқтап, Даланы дабылдатып жүгірмегі…