Абайды іздеу – бақыт
Бақыт қой – Абайға ұқсау, Абайды іздеу, Ақ жарқын сенімдерден күдер үзбеу. Шығысқа Батыс ойын жалғастырып, Ақыл, Қайрат, Адамдық жолын түздеу.
Бақыт қой – Абайға ұқсау, Абайды іздеу, Ақ жарқын сенімдерден күдер үзбеу. Шығысқа Батыс ойын жалғастырып, Ақыл, Қайрат, Адамдық жолын түздеу.
Еш зордың көнбегін деп мазағына, Ғасырым Ту тіктірді қазағыма. Билікті бейбіт жеңдік бас идіріп, Тартпай да жауапкерлік жазалыға.
Бала шақтан үйреніп сөз өнерін, Иеленсем деп едім жез елегін. Ортасынан өмірім қақ бөлінді, Есейгенде ел алып өз өлеңін.
Шақта да қиын қыстау тергелетін, Ақ сөзден айнымаған сұрақтасым. Кейі оның – жыр жазарда пікір қосқан, Бөліскен ой – сезімін сұрақтасым.
От басы – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз. Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз.
Ой-қырынан қазақтың аттандаған Азаттық, Ашу, кегі, ызасы батпандаған Азаттық. От шарпыса, оқ жауса ойран болмай, шарт сынбай, Қаны, тері жуса да тоттанбаған Азаттық.
Армысың, Жиырма бір — Жаңа ғасыр! Ойлы-қыр кешкенмін мен ұлан-асыр. Сан қилы тәлкектенген тағдырымның, Құлақта дүбірі тұр асыр-тасыр.