Жеменей
Көк ала жар, көк тасты Есіп аққан Жеменей. Кішітауды көлденең Кесіп аққан Жеменей.
Көк ала жар, көк тасты Есіп аққан Жеменей. Кішітауды көлденең Кесіп аққан Жеменей.
Өтті Абай жағаласып, заманымен, Мың құбыл, тоң мойынның амалымен. Зәр жұтты, байланды оққа Шәкәрім де, Жауыз қол, қара жүрек зауалымен.
Сыйлаған тірлігімді сауға қылып, Сиынам жалғыз Хаққа тауба қылып. Құдайды ұмытпауым – бас парызым, Арбадан түспей тұрып аударылып.
Иә, Құдай! Оңда, Оң жолына баста. Шайтан көңіл-менмендік, Кеудеден алып таста. Көңіліме таупиқ бер, Күпірліктен жасқа. Адастырма жолыңнан, Сүріндірме тасқа.
Елшісіне Алланың ақ ниетін ұсынған, Мәуліт өтеп жатыр көп мешіт толы мұсылман. Жүреледі сап түзеп, тына қалды қалың жұрт, Құдай үйі тыншыды абыр-сабыр тысырдан.
Болмыс бойдан озбайсың,- мойын созып, Болмыс ойдан озбайсың,- ойың созып. Бойда, ойда озам деп жүргеніңде, Қалғаныңды сезбейсің қайда тозып.
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға! Аты да, өзі де ұлы тұрар алда. Отанмен, туған жермен теңесесің, Нәр алған аналардан даналар да.