Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де.
Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де, Көңілді шүйгітер де өр күтерге. Тұс-тұстан құлындатып, шұрқыратып, Жібек жал сайгүлік ой өрбітер де.
Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де, Көңілді шүйгітер де өр күтерге. Тұс-тұстан құлындатып, шұрқыратып, Жібек жал сайгүлік ой өрбітер де.
(Зайсандық бажам Оспанов Оралдың айтқан қалпы). Жапанда жалғыз күмбез омырылған, Төбесі ішке түсіп томырылған. Жусанды жазаң дөңес маңайы ашық, Белгі жоқ басқа бейіт қорымынан. «Жайлы жат!»- дұға қылдым, сақал сипап. Тосынсып Орал бажа етті қипақ. Болғанын бір оқыстың сезе қойдым,…
1.Операция алдында. Тапсырдым тағдырымды, бауырларым! Жаныма әбден батты ауырғаным. Қуыққа қорып қалған тасты алуға Жетеді деп сенемін сабырларың. Тілеймін емі шипа қолға қуат, Алла алдан ақ жарылқап құйсын шуақ. Арылып дертінен тән, жеңілдеп бой, Айығып аурудан тисін сауап.
Сайлау – бәйге, ат шабыс, Мақсаты – ірі , жақсы-ақ іс. Қасиеттеп халықты, Халық үнін хаттағыш. Әділетті іспенен Ар, намысты сақтағыш. Қоғамшылды үкілеп, Қоғам ісін ақтағыш… Бұл күнде үні – түрпідей, Қаңғыр-құңғыр қақсағыш. Күйі теріс құлаққа, Тым тұрпайы жат қағыс.…
Қасиетіңнен айналайын адамдар, Кірпік қақпай маған тіке қараңдар. — Сырлар іздеп, сендерден де көз алмай, Көңіл алмай, шақтарым көп алаңдар. Ерке епшіл саусақсыңдар әрбірің, Сыңғырлатып шертіп тұрған жан қылын. Құйыласың көкірегіме күй болып, Еркін бойлап, бетіңде ойнап қан, нұрың.
Без бүйрек табиғаттың бермесіне Көз сүзіп, түртінбекпін мен несіне? Аламын аларымды аңырмай-ақ, Аял жоқ ат байларға кермесіне.