Метка сенім

Жебеушім

Бойға күш, ойға қуат ес беретін, Састырмай сабырыма сес беретін, Кез келген көлігіне мінсем, түссем, Дем берер жебеушім бар дес беретін. Сақтады Ол таудың селі тасқыннан да, Дүрліккен дүрбелеңді басқыннан да. Сақтады Ол арашалап ауыр дерттен, Жібермей құрықтауға, асқынғанға.

Тынармын ба жан-жаңғақ сарқып шақпай

Мен өзімді іздедім бала жастан, Жұп-жұқана сиқыма қарамастан. Тауға да ұрдым басымды, тасқа да ұрдым, Ерте қозды делебем — ала қашпам. Адыр-адыр қыр кездім, қайнар кездім, Қойнына құт, мал толы сайлар кездім. Бойға қуат, ойға дәм үстей ме деп, Бау-бақшалы,…

Жаңа жыл, жаңа ғасыр

Жаңа жыл, Жаңа ғасыр, Жаңа мыңым! Талайы сапырылды бағалының: Жылқыда тасырқамас тағалының, Өзенде тас бұлақты сағалының. Айтары әліде көп Ағалының: Жайлаудың жазда өсетін самалымын. Жайнаңдап жұпар шашар жамалымын, Ашылған раушан гүлдей қабағымын.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап, Бір ғұмыр кітапшасын алпыс қаттап. Гүл жардым алпыс көктем, алпыс жазда, Ажым сап алпыс қыс пен алпыс қатқақ. Күн, түнім ойлы өтті, өнерлі өтті. Өмірден, кітаптан да көрдім көпті. Ал мектеп – ми шыңдаған мектеп…

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық, Көрсем деймін сардарлық, санаттылық. Албырттық пен аңғырттық ала қашпай, Ұстасаң-ау табанды тағаттылық. Күрестің бе? Мықты ұста бір қалыптық. Әпермейді абырой ұр да жықтық. Астаспаса айла-әдіс ақылменен, Қажмұқандық алыптық – құр халықтық.