Метка сенім

Жалт-жұлт еткен дүние ғұмыр-тірлік!

Жалт-жұлт еткен дүние ғұмыр-тірлік! Көлеңкеңнен көңілім көрмеді үркіп. Өттім талай тар жолдан ат-көлік сау, Сезім, сенім тізгінін теңшеп іркіп. Өткізбедім дел-сал күй қалғып-мүлгіп, Қатарымнан ертелеу аштым түңлік. Айдыныңа тұңғиық ашық таңда — Тәуекелшіл талаппен кеттім сүңгіп.