Кім кімге немен ұнар?
Кім кімге немен ұнар? Өлшем бар ма? Баласын аппағым дер қара қарға. Базардан қалағанын сатып алып, Қанағат етеді есті барға ғана.
Кім кімге немен ұнар? Өлшем бар ма? Баласын аппағым дер қара қарға. Базардан қалағанын сатып алып, Қанағат етеді есті барға ғана.
Сабыр бір дем: партия қаптасын-ақ! Бізден насыбай атпайды шақша сұрап. Айғайласын өңеші жыртылғанша, Күш-шамасын асыра мақтасын-ақ.
Әлі де шалағайсың, шырағым-ай, Бәйгеге қосқан қасқа, пырағым-ай. Жар болсын жалғыз Алла бар ісіңе, Тәубам жетсін Тәңірдің құлағына-ай!
Ашуыма жеңдірсем ақылымды, Айналамнан азайтам жақынымды. Үрейлі өзге үрікпеу үшін-дағы, Іркіп қалам апыру, жапыруды.
Ой, есіл ауыр мінез жан ашырым! Кейде сен қатал сөгіп жан ашуын. Есемді жібересің елге көрнеу, Тыңдамай тентек сезім таласуын.
Әр нәрсені байыпты Ойлай білер, Айжаным. Ақылға сап ғайыпты Болжай білер, Айжаным.