Ой іздедім тұңғиық түптерінен
Ой іздедім тұңғиық түптерінен, Орманды өрдің жап-жасыл тік төрінен. Арқалаған ажырық арқа-жонға, Арылмастан жан бағыс жүктерінен.
Ой іздедім тұңғиық түптерінен, Орманды өрдің жап-жасыл тік төрінен. Арқалаған ажырық арқа-жонға, Арылмастан жан бағыс жүктерінен.
Кім кімге немен ұнар? Өлшем бар ма? Баласын аппағым дер қара қарға. Базардан қалағанын сатып алып, Қанағат етеді есті барға ғана.
Маған кім жол үйреткен, жоба үйреткен? Табуды із жаза баспай көп иректен. Нөсерде сүметілсем не жаңбырда, Ың-шыңсыз құрғатынып кебуге өппен.
Сабыр бір дем: партия қаптасын-ақ! Бізден насыбай атпайды шақша сұрап. Айғайласын өңеші жыртылғанша, Күш-шамасын асыра мақтасын-ақ.
Шертиген шенеуніктің оңғаны жоқ. Сонда да айтқаны хақ, қалтасы тоқ. Кезекке талас қылып есігінде, Шулаған, түс шайысқан даңғаза топ.
Партия көбейгені кімге пайда? Көп күлше көмбештейтін көмбе қайда? Күлшелі үміткерлер көбейгенмен, Қауым жұрт қайда мінер, қайсы тайға?