Қоштасу

До свидания, қолың бер жүңгөлік дос! Кетіп барам еліме көңілім хош. Жалын алдым жаныма дәл өзіңдей, Тең ұсынып қолыма өмірім дес. Ұлар етін жегендей Ұлы таудан Мен Жүңгөні, достарым, ұмыта алман. Бірге өстім сендермен, бірге күлдім, Бірге таптым ортақ жол,…

Келіндерім

Ырыскүл мен Мұхсина — келіндерім, Ене көріп тон пішкен керімдерім. Табасыңдар әр тілін кәрі, жастың, Алдарыңда сый, иба төріндемін.

Қанаттарым

Ермек, Еркін, Ерлан, Беглан — қанаттарым, Жас топшылы құстарым, жанаттарым. Бір жүргенге туыстар не жетеді?! Сыйлар ағаң тұрса алда — санаттарың.

Мен деп біл

Желпісе самай шашыңды, Аймалап майда жұпар жел, Аялап жүрген мен деп біл. Елтітсе жаның-жасынды, Кірпігін қадап шұғла-нұр, Көгінде күлген мен деп біл.