Көзін ашпақ болып қалың наданның…

Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.

Баталы Баян — Боталы Баян

Атамның тұңғышы екен Рақия, Өмірі барлағанға қия-қия. Қырыққа толғанында сол әпкеміз Төркіндеп келе қалды миятына. Қарт ата, қарт енесі — бастағаны. Албанның Әлікені қостағаны. Бәйділда ертіп кепті Әбділдасын — Шолжаңын бес жастағы жас баланы.

Жұматай палуан

Жұматай палуан (Поэма) І Әкесі Есмұхаммет момын адам, Сөз қуып тілін, жағын жанымаған. Үш ұлы жұныттай боп ер жеткенде, Танылды талай жұртқа танылмаған. Үш ұл да еңбек еміп, ерінбеді, Қыл, қылшық, жүн, шуаштан жерінбеді. Кішісі — Жұматайы ерекшелеу: Бетте түк…