Метка сезім

ШҮКІРШІЛІК

Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат, Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап. Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар, Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап. Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ, Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ. Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,…

Үмітім — көнбіс көк дөнен

Үмітім — көнбіс көк дөнен, Жел сүзіп жалын жымады. Бөлісер жүк жоқ өңгемен, Тайсалып неден қыңады. Күтеді алдан сынағы, Құлағын артқа жығады. Сенімім — көнбіс көк бесті, Тағалап жектім арбама. Көк шағыл өткел көп кешті, Көп түсті көкпар — салмаға.…

Орман-ну

Қаздитып тіктеп бойын, түзу өскен, Көк сүзген, бірін-бірі күндеместен. Кеңдікпен, кемелдікпен кербезденіп, Нұр, нәрді тең бөліскен қың деместен. Ұмтылған Күнге қарап, Айға қарап, Солқылдақ балашықтар бойлаған-ақ. Сыбызғы, сырнай басым күйі сазды, Сырбаз-ақ самырсындар сары балақ.

Жаңбыр

Аспанда ерек дабыл кем күркіреген, Жаңбыр құйды дамылсыз сіркіреген. Ағыл-егіл, кең көше көл боп кетті, Шомылтпаған бұта кем, сілкімеген. Телегейлеп бұлқынған бұлақтармен Тоған, арық қалмады кілкімеген. Қыз-қырқынды ықтатып қорғалатып, Маңқияды бұрышта бір түп емен. Апталатып ақ жауын себеледі. Жылғаларды сылқым…

ШӨГІП ӨСТІМ

© Естеу Нүсіпбеков Қуғынды үйде туылғам, Қуғынды күн кешірдім. Сүргінде бел буынғам, Сүргінде ойды өсірдім. «Халық жауы» атанған Менің де әкем, ағайым. Қағып сыртқа қатардан, Қабақ шытқан ағайын. Қорлансам да өлмедім, Ерте қатты қабырғам. Өгіз күшпен терледім, Өгіз міндім сабырдан.

Қою шәй

© Естеу Нүсіпбеков Қайнайды қапалық, Қыздырып жапалық. Шәйнегім тасиды Қақпағы қақалып. Алмаймын шоқтан көз Шығарам оттан тез. Қаймақтап сүт қосам, Қоюлап діт қосам. Емес қой түк босаң, Үнді шай ұрттасаң. Жадырап қабағым, Күй төгер шанағым.