Метка сезім

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты.

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты. Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты. Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып, Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты. Қасыңда ол, тасың өрге домаласа. Мәртебе, мереке — сен оған қоса. Жүреді жинасып та жүген-ноқта, Атыңды аржақтан кеп…

Таудай талап берген тағдыр, япырай.

Таудай талап берген тағдыр, япырай, Ең болмаса бақ бермепті тарыдай. Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп, Еңбекке сай сыбағама жарымай. Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?! Әлде менің жүйке жүйем темір ме? Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе? Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене.

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене! Кешірмедің басыңнан өмірде не?! Арқалатпай ертоқым орта жолда, Өткелектің шығардың өріне де. Ақ тер-көк тер астымда дене — көлік! Қажыр қайрап қайратқа бердің ерік. Нәпсі-даққа жанымды тоттандырмай, Жеткенімше жетпіске болдың серік.

Басымнан бермесем де билігімді

Басымнан бермесем де билігімді, Үлкенге ұмытпаймын илігуді. Жол берем кішілікпен кісілікке, Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді. Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр, Елеусіз оларға да беремін төр. Кенделік емес шығар пенделігім, Кішілік мінім болса түзетер көр. © Естеу Нүсіпбеков