Метка сезім

ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма)

ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма) Әнебіреу сорайған, Мансап іздеп зорайған, Зейнеткерге пайдасыз Сәлем берсін қалайдан?! Әнебіреу тылтиған, Қозы қарны бұлтиған, Жүрген шығар үй кезіп, Бөтелке іздеп қылтиған.

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?!

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?! Сұқ сөз аз ба асымды арамдаған?! Мың сүрініп, мың тұрып аман қалып, Сұқ көзге де, сұқ сөзге арандағам. Бұл күнімде бәрі ұмыт, даңғылдамын, Қаңқудың да ұмытқам қаңғырларын. Үлкен кінә — жігерді құм қылғаным,…

Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр

Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр, Ауысқанын есептеп бастасың жүр. Қызыл итін үрдіріп қызғандырма, Қазанында қара су таспасын құр. Күледі олар, — көбейсе арпа көжең, Күндейді олар, — қазы мен қарта жесең. Жай табады жандары, — өздерінше Мылжыңдаймын, ойнаймын карта десең.

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой, Тәлімсу, тәйтіктіктен кендемін ғой. Сойқанды сүрең күнді, сұрапылды Тіпе-тік белдеспей де жеңгемін ғой. Кім білсін? Алғы күндер не береді? Бәйгі атым әлде көкпар өңгереді. Жел қуып жеткізбейтін әңгелегі Тәрізді қуалатар әлденені.

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен, Жадағай тозып келем жай қалыппен. Жүзбе-жүз айтылыпты сөзім түгел, Бүркелмей жамау-жасқау жайма әдіппен. Пердесін жалғандықтың жұлып аппын, Көлгірсіп көз алдамай найқалып өң. Жылпосты жемқор аттай жер тарпытып, Жүрмеппін бөктергіме байланып жем.