Метка сезім

Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар?

Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар? Сөз ұғар тез тап болар талайлыға әр. Сөз ұғар мен талайлы шөккен жерде, Сөз сатқан шоқтықтанар малайлылар. Көбейді сөз бұрар да, көз бұрар да, Шығып тұр турашылдан озбыр алға. Бар ойы саудалаулы сөз бұрарға,…

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар. Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар… Не сойы сайгүліктің, салбілектің Осында созылтуда бұлшық ет, қар. Серкені өңгерген кім тайталаста ? Қарт салтаң шетте оны байқамас та… Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен. Шара жоқ…

Сөзден Ас Әзірленсе

СӨЗДЕН АС ӘЗІРЛЕНСЕ Сөзден ас әзірленсе, түйтік дәмдеп, Пейілді үн мәнерлейді дітпен пәмдеп. Бойға тез сіңіреді тәбет дәндеп, Мейірің жадырайды, жан елеңдеп. Қостабақ дәметеді құдадайын, Тоғайған ындын мен ес демдеп, сәндеп. Ал егер түйтік пен діт сұйықталса, Сөз іріп, бүлдіреді…

САҒЫНЫП ТОЙДЫ

САҒЫНЫП ТОЙДЫ Кей дөкей келер тойға қонжимаққа, Кісімсіп кісі үйінде шолжимаққа. Шаншып жеп қазы-қарта, жал-жаяны, Жөнтексір өрік, жаңғақ, балқұймаққа. Кей ханым көрсетісіп жүзіктерін, Жүзіне қан ойнайды жүзіп керім. Кей ханым мойнын қомдап масайрайды, Ақ гауһар алқа асынып тізілткенін.

Бірінен бірі биік

Жетпіс жас — жеті кезең, жеті дәуір, Желкеме көп жүк артты: жеңіл де ауыр. Жеңілі жел өтінде желпіндірді, Ауыры арқа-жонды етті жауыр. Бірінен бірі биік кезеңдерім, Аямай алдан тосты белең-белін. Тайғақ та қия-құзды қиын жолдар Ернімнің талай көрді кезергенін.