Таңғы дала
Күн кірпігі қадау-қадау найзадай Бұлт-кілемді шұрық тесік түйреді. Шұғыла-жігіт жарқыл қағып сай құлдай, Көлбеңдетіп көлеңкені сүйреді. Көгілдірін ерткен үйрек көл тіліп, Бұқты барып жасыл құрақ қамысқа. Қопа жақта аншы мосқал өкініп, Көз салады көлегейлей алысқа.