Бәсеке
Бәсеке — іс емес-ақ шошынғандай, Әйтеуір айта салған тосын далбай. Зейінмен үйренген жөн зерделеуді, Замана, ағым қандай, жосын қандай… Бәсеке – бой әзірлеу күрестерге, Бәсеке – ой әзірлеу үлестерге. Бәсеке – буындарды берік тұту, Талдырмау тізені де тірестерде.