Метка рух

Көзін ашпақ болып қалың наданның…

Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.

Андыздап жүр Әзәзіл төрткүл тұстан

Андыздап жүр Әзәзіл төрткүл тұстан, Әпсүн оқып сүу-сүулеп іштен-тыстан. Аран ашты айдаһар-ғаламдасу, Белге оралып  мытқылап өкпе қысқан. Тарылдырды тынысты, басар жолды, Жат жобалап жоспарды жасар болды. Шығыс емес , таңдалды Батыс үлгі, Ұлттық рух бел кетіп нашарланды.