Метка рух

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық, Көрсем деймін сардарлық, санаттылық. Албырттық пен аңғырттық ала қашпай, Ұстасаң-ау табанды тағаттылық. Күрестің бе? Мықты ұста бір қалыптық. Әпермейді абырой ұр да жықтық. Астаспаса айла-әдіс ақылменен, Қажмұқандық алыптық – құр халықтық.

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім, Бойыңда жоқ нәумез күй, енжар ұғым. От жайнайды көзіңнен, ойың сергек, Еңселісің, бура сан денең мығым. Кесек болмыс, бітімің бөлекшелеу, Көрсетіп тұр күш-қайрат берендігін. Алқынбаған дем алыс, орнықтылық Аңдатады ақыл-ой кенендігін.

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?!

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?! Сұқ сөз аз ба асымды арамдаған?! Мың сүрініп, мың тұрып аман қалып, Сұқ көзге де, сұқ сөзге арандағам. Бұл күнімде бәрі ұмыт, даңғылдамын, Қаңқудың да ұмытқам қаңғырларын. Үлкен кінә — жігерді құм қылғаным,…

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен, Жадағай тозып келем жай қалыппен. Жүзбе-жүз айтылыпты сөзім түгел, Бүркелмей жамау-жасқау жайма әдіппен. Пердесін жалғандықтың жұлып аппын, Көлгірсіп көз алдамай найқалып өң. Жылпосты жемқор аттай жер тарпытып, Жүрмеппін бөктергіме байланып жем.

ШӨГІП ӨСТІМ

© Естеу Нүсіпбеков Қуғынды үйде туылғам, Қуғынды күн кешірдім. Сүргінде бел буынғам, Сүргінде ойды өсірдім. «Халық жауы» атанған Менің де әкем, ағайым. Қағып сыртқа қатардан, Қабақ шытқан ағайын. Қорлансам да өлмедім, Ерте қатты қабырғам. Өгіз күшпен терледім, Өгіз міндім сабырдан.

ТАС ТӘЛІМІ

Ой қусам ояу ақыл, зерек баспен, Кейде оқыс кездесемін серек таспен. Тас дейді: — Болса сендей аяқ-қолым, — Адамнан аямас ем көмекті әсте. — Ойсызға ең зор міндей тілсіздігім, Сақтаған сырды ішке үнсіздігім. Күйреудің, қираудың да қабақ шытпай Ондайлар сезсін…