Метка рух

Жақсы

Жақсыға жұрт қоспайды кез келгенді, Әр тағдырға бір тараз безбендеулі. Ауызбен аю алған толып жатыр, Ер жасы-Елу екшейді Ез бен Ерді. Жақсы — абыз. Дініне ақ, тақуадар. Ұрығына Алты Алаш — қанына адал. Құлқын құртпас атақ пен байлық, мансап. Ақ…

Қуғын-сүргін құрбандары кесенесінде

Ақпан соңы. Астана. Кесенеде — Арқа аязы есіп тұр еселене. Сәті түсті көрудің, Дәл сол күнге Жазылыпты зиярат пешенеме. Азынаса ақ түтек боран сыртта, Көк сүңгі мұз қатырып қас пен мұртқа. Ішімде де уілдеп ысқырып тұр, Қалшылдатқан қарлы ызғар ала…

Таудай талап берген тағдыр, япырай.

Таудай талап берген тағдыр, япырай, Ең болмаса бақ бермепті тарыдай. Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп, Еңбекке сай сыбағама жарымай. Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?! Әлде менің жүйке жүйем темір ме? Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе? Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…

Көлік-дене көк танау қажығандай

Көлік-дене көк танау қажығандай, Білеу-білеу сіңірлер сазығандай. Күннен-күнге азайып әл-дәрмені, Алқынады керіліп жазыла алмай. Шыққан екем, қайтейін, көп жүк артып! Шамадан тыс жүйкемді бек жұқартып. Өкпе-назың көк тиын замандасқа, Пақыр бар ма сөз ұғып, текті ұғарлық?! © Естеу Нүсіпбеков

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене.

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене! Кешірмедің басыңнан өмірде не?! Арқалатпай ертоқым орта жолда, Өткелектің шығардың өріне де. Ақ тер-көк тер астымда дене — көлік! Қажыр қайрап қайратқа бердің ерік. Нәпсі-даққа жанымды тоттандырмай, Жеткенімше жетпіске болдың серік.