Метка өлең

БОСАҒАН АРҚАУ

Ағайынға ағайын жат болар-ақ, Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ. Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас, Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ. Қорқынышым менің тым көбейгендей, Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей. Әже өлген күн үйленген қызды көріп, Көк өгізі үміттің шөмейгендей.

БАҚАС ҚАС

Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр, Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр. Уымен бақастықтың ми зақымдап, Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр. Жасайды ағаға іні айла сауда, Баласы әкесіне салмай сауға. Күндестік ала мысық ішін тырнап, Сарыарқа ит қосады Алаутаға.

Үміт

Тұмшалаған тұман бар, Әлемді кең көрсетпес. Жол, жобаға күмән бар, Ойын, дөңін өлшетпес. Балсыз болмай, балды да, Ылди, өр деп жатпайсың. Қорғалақтап алдыға, Нар тәукел аттайсың.

ЖОЛДАССЫЗДЫҚ

ЖОЛДАССЫЗДЫҚ Жолдассыз ба? Жолдассыз күнің жарым. Кім таниды көк теңге құның барын? Құлақ жейді қаңғырдай ол жоқ жерде. Жанға жақпай еш дыбыс сыңғырларың. Қызығы жоқ жолдассыз күлкінің де, Жүз жиында жыртақта бір күніңде. Дәм-татусыз тіл, таңдай түк тұшынбас, Көңіл бейжай…

СӨЗ — АРТИСТ

Сөз — артист, Жасанады алуан түсте. Түрленеді киімі де киген үсте. Әлде шын, әлде ойын, әлде оспақ, Шиесі тым шытырман түйген іште. Көп сырын ешкімге оңай танытпайды. Ой атын жүгендейді, хамыттайды. Не терең, не тылсымға сүңгітсе де, Көз алдап —…

СӨЗ СИҚЫРЫ

Сөз сиқыры — асау саяқ. Шыға қашып үйірден, Жуытпайды теңжіп бойы, Шалма салар маңына. Жабы өкпесін күйдірген, Барлықтырып болдыртып, Көміп кетер шаңына.