Метка өлең

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ…

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ… Қат-қабаты эфирдің қай тілдерде қақсайды? Саңқылдамай міңкілдеп қай тілдерде ақсайды? Қайсы дидар, қайсы көз шарасынан шақшайды? Қайсы мойын қалтақтап, қайсы мойын қақшайды? Міне бұған ой салмай кімдер бейғам қалғымақ? Қайсы қазақ отырмақ мойны астына салбырап? Қайсы қазақ шаршамақ…

Іші тарлар

Тайды қостым бәйгеге озса екен деп, Көзін қосты қызғаншақ сүрінсін деп. Құнан қостым бәйгеге озса екен деп, Сөзін қосты өсекші бүлінсін деп. Дөнен қостым бәйгеге озса екен деп, Итін қосты көргенсіз үріксін деп… © Естеу Нүсіпбеков. Сурет Жеңіс Кәкенұлының сайтынана…

Түрлі тойым

Білеу жұтса, — қолдай етке қыран тояды. Бітеу жұтса, — торғайға да жылан тояды. Шүйгін суға, соны шөпке аузы тисе, Жылқы менен жылқы текті құлан тояды. Құзғын, құмай атан, нарға тоймайды. Құйтымдай сүлік жарылғанша тоймайды. Дәніккеннен құныққан өтіп жалмауыз Комбинатты,…

Жақсы

Жақсыға жұрт қоспайды кез келгенді, Әр тағдырға бір тараз безбендеулі. Ауызбен аю алған толып жатыр, Ер жасы-Елу екшейді Ез бен Ерді. Жақсы — абыз. Дініне ақ, тақуадар. Ұрығына Алты Алаш — қанына адал. Құлқын құртпас атақ пен байлық, мансап. Ақ…

Қадіріне жеттің бе?

Қадіріне жеттің бе уақыттың, әр сәттің? Сарсаң оймен сабылтып жүйке-көлік шаршаттың. Күн қыздырды төбеңнен, бауырыңнан Жер Ана, Терлеп-тепшіп балбырап көктемдегі қарша ақтың. Қадіріне жеттің бе бойда қуат бар Шақтың? Той-думан мен қыз-қырқын дырдуына қарсы ақтың. Бас жарғызып сойылға, Байтөбетке таланып,…

Жаз өлеңді бұрқыратып

Дегбірім кенет мазаң, кенет тозаң, Желкеден төнгендей-ақ қамшы созаң. Жүзімнен ойнаған қан оңып тарап, Бүркейді орнын жібек шілтер бозаң. Самарқау, марғау боймен шыбындатпай, Ұйтқиды құйын сезім бұғып жатпай. Ізінше табаға сап шыжылдатып, Түйсік-шоқ шыжғырады қуырдақтай.