Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ

Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ, Тілейтінім – тамырдан жұлынбасақ. Түпкі тамыр: тіл мен дін нық орнықса, – Ете алмас-ты ешкім де бізді мазақ. Әйтсе-дағы қиын-ақ мына заман, Көбеюде күн сайын күнәлі адам. Қауіп те көп, соққы…

Мешіттегі мінәжат

Мешітің құтты болсын, мұсылмандар , Құлшылық үйін жасап ұсынғандар ! Парызды ада етудің жолын ізде, Таубадан жаңылмастық тұсыңды аңғар. Берік бол исламыңның әміріне, Жат діннің төзе көрме жәбіріне. Қаза етпе, уақтында оқы бес намазды, Құлақ түр азаныңның әр үніне.