Ахмет

Бағына бере салған Бір Жасаған, Риза, қазақ тілі риза саған. Басыңа қалай сыйған сонша дүние? Әулие адамдайсың мың жасаған. Құл сөзден шоқай тартып, таяқ тұтқан, Жасадың ер терминдер жүрек жұтқан. Ғылымның айбарлы азу атаулары Бұраңдап балтырыңды болды Құтпан.

Шәкәрім

Құнанбай немересі, асыл қаннан, Жарық шам, түтіндемей ашық жанған. Абайдың жан дертімен мең-зең болып, Түнде ұйқы, күндіз күлкі қашырған жан. Абайдың отырса ойы, созса — қолы, Шиыры Шығысқа озған бозша жолы. Сойқанды содырлардан, сұмнан, қудан, У-зәрді аз ішпеген ыдыс толы.

Мағжан

Мағжан — от, қазағыңның жанған шағы, Ел көші өртте малтып маңған шағы. Қорланған арулардың мойнында шоқ — Үзілген бытыр-бытыр жан моншағы. Мағжан — от, дауыл үрлеп лапылдаған, Мағжан -қан, қолқа қуып лақылдаған. Мағжан — оқ, нысанаға дөп тиетін, Қас мерген…

Райымбек батыр рухымен тілдесу

Райымбек батыр рухымен тілдесу (300 жылдығында ) *** Қабанбай, қарт Бөгенбай, Хангелді әкең— Қайтарған қалмақ десін – Көкең, Жәкең. Кемел би: Төле, Әйтеке, Қазыбектер Жасайтын, қан бұзбайтын шешім бекем. Өр, қайсар жорықтасың көп болатын, Жанары от жайнаған шоқ болатын. Бел…