Тіршіліктегі береке

Тіршіліктегі береке-бірлігіміздің, сыйластығымыздың мықты тірегі, ақыреттегі Алла алдындағы ақ жүзділігіміздің, имандылығымыздың негізі болған дініміз жайлы ауданымызда өтіп отырған аса игі жиынымызға Құдайым береке берсін деп тілеймін. Дінімізді күшейту барлық мұсылманның береке-бірлігіне, имандылығына, күрескерлігіне, ең әуелі,  имамдарымыздың біліктілігіне, ақыл-парасатына, іскерлігіне  ,…

Архивтен алынған суреттер туралы

«Суреттер сойлейді» тақырыбымен  Естеу Нүсіпбековтің архивінен алынған суреттерді жариялауды жөн көрдім. Білетін адамдардың есімдері көрсетіліп тұрады. Егер де танитын адамдарыңыз болса, хабарласыңыздар, есімдерін енгізіп қояйын. Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» 6 томдық кітабында Қажығұмардың 1954-1958 жылдары Үрімжі қаласында болған кездері суреттеледі. Мына…

Ақ бұлағы жанымның — кітабы

«Ақ бұлағы жанымның» кітабы 2005 жылы «Қазығұрт» баспасында басылып шықты. «Ақ бұлағы жанымның-сезімдерім бұлқынған, Ағындарға ақ толқын құлаш ұрып ұмтылған. Ақыл-ойды мендеткен әлегі асық жыр тумам, Ақтарылған алға-артқа, аялы жоқ бір тынған.» — шумағымен басталатын «Ақ бұлағы жанымның» кітабы ақ…

Бұқара Тышқанбаевқа

Тегін бе қимайтыным, ақын аға?! Береді мекен бұрын қоғам баға. Әйтеуір бола білдің менімен тұс Көз ашқан жігіттерге жақсы жаға. Ауылдан білім аңсап Құлжа келдік, Сол кезден ойлы азамат Сізді кордік. Қалайда Сізге еліктеп Сәбитті оқып, Ақындық  қиялына тізгін бердік.

Өтіппін ойлы-қырлы жер үстімен

Өтіппін ойлы-қырлы жер үстімен, Ой-пікір жарыстырып өрістімен. Ұштаппын өнерімді қол ұстасып, Серімен, сұлумен де келістімен. Сылтыңсыз сыр бөлісіп сымбаттымен, Жыртыңсыз күн кешіппін қымбаттымен. Сұңғыла сұхпат тыңдап сусындаппын, Сәбиттей, Ғабиттей де сұңғаттымен.

Жеттім жақсы заманға еңсем биік

Алды да емес, арты емес ғұмыр-көштің, Алты патша дәуірін бастан кештім. Алып қалды аман-сау Бірім-Барым, Апаттардан ағызған тасқын-көшкін. Жеттім жақсы заманға еңсем биік, Шабыт құсым шарқ ұрып, белсендіріп. Көбеңдемей көк дөнен көсіледі, Жетпісімде желігіп ершен жүріп.