Таға

Тұяқтарды тайдырмаған тағасың, Қарш-қарш шауып айдын мұзда ағасың. Тоңнан тозаң, тастан шақпақ шағасың, Өйткені сен тайдырмайтын тағасың.

Бала

Бала, бала! Бала — менің мотор-кеудем дүрсілі. Өмірімнің сенбес күнге шұғылысып мөлтілдеген бір шығы. Жақсы болса- Тірлігімнің қыл арқауын зыр-зыр иірер ұршығы. Жаман болса- Жүйке жүндеп, намыс тоттар қырсығы.