Өмір! Сенде барады есем кетіп
Өмір! Сенде барады есем кетіп, Шөгеріп-ақ жібердің мешелдетіп. Көңіл орта, толмай жүр ыдысым да: Ернім жырық секілді, Кесем кетік.
Өмір! Сенде барады есем кетіп, Шөгеріп-ақ жібердің мешелдетіп. Көңіл орта, толмай жүр ыдысым да: Ернім жырық секілді, Кесем кетік.
Ассалау-мағалаукүм, ақын Көке, Көрген күн, көшірмеші жақын Көке. Еліңнің сен жүрегін жаулай білдің, Тамызып тілдің майын татымды ете. Iрікпей ішкі ызаңды, кегің қайрап, Тулаттың есең кеткен жатыңды өте. Састырсаң Сасан аулын арғы бетте, Егілттің бергі бетті хатың жете. Ұрпақтан ұрпақ…
ҚАНДЫ ТАСҚЫН (поэма) Шиңжаңдық ақын досым, Такламакан шөлiнде сүргінде жүрiп, тасқыннан қаза тапқан марқұм Жекібаев Тоқтарханға ескерткiш. 1. П Р О Л О Г Мен бақытты алғам жоқ қолдан құрап , Не жалбарып аспанға зордан сұрап. Бердi маған оны үшеу:…
Атандым жайбарақат жай қоңыр да, Атандым баяу басар байқоңыр да. «Алыптың адымдары» кітабында Сәбеңді қолтықтаған Тайқоңыр да. Автор. Аталған кітаптың бір тарауында Пекиндегі Ұлттар Университетін таныстырады. Оның оқытушыларының, оқушыларының әлеуметтік және сапалық құрамдары туралы жан-жақты жазады. Институт жетекшілерімен, оқытушыларымен, студенттерімен…
Бүл суретте досы Оразбек Канапинмен бірге.
Мен, Естеу Нүсіпбеков Сабырбекұлы, 1933 жылы 25 ақпанда Қытай жерінде, Іле аймағы Текес ауданының Шолақмыс өзені сағасында Қазақстандағы зорлықпен ұжымдастырудың зардабынан қашып келген орта шаруа отбасында туылыппын. Туған шешем Қайыпжамал Исақызының төркіндері албан қоңырбөрік ішіндегі қарақұл руынан екен. Олар сонау…