Келер ұрпақ
Көген көз емессің сен, Келер ұрпақ! Тұрпатың көз қармайды сырлы сымбат. Өңменнен оқ өткізе Тік қарасаң: Жайнаған жанарың – от, жүзің – нұр, шат.
Көген көз емессің сен, Келер ұрпақ! Тұрпатың көз қармайды сырлы сымбат. Өңменнен оқ өткізе Тік қарасаң: Жайнаған жанарың – от, жүзің – нұр, шат.
Жақсы сөз – көпшік қойып мақтау емес, Әдептен, ұяттан да аттау емес. Жүрегіңнің жылуын ақ жарылған Шым бүркеп, ішке бүгіп сақтау емес.
Еш жылқыны егінге Маңайлатпау – қатаң шарт. Шаң жуытпас сенімге, Ісіне адал атам нарт.
Кішкентай орағым, Қолайлы қолыма. Мен де орақ орамын, Түсіп ап солыма.
Үркітпе үйірді, Жолама асауға. Тарттырма бүйірді Саяққа, шашауға.
Еңкейме, шалқайма, Тура тұт жүзіңді. Көрсете ал қай-қайда Бойда бар қызуды.