Биле өзіңді
Биле өзіңді, өзіңе бол да басшы, Дос, туыстың мінін айт болса да ащы. Өмір – тартыс құбылса күн, түн сайын, Соны сез де кідірмей хатқа басшы.
Биле өзіңді, өзіңе бол да басшы, Дос, туыстың мінін айт болса да ащы. Өмір – тартыс құбылса күн, түн сайын, Соны сез де кідірмей хатқа басшы.
Бақыт қой – Абайға ұқсау, Абайды іздеу, Ақ жарқын сенімдерден күдер үзбеу. Шығысқа Батыс ойын жалғастырып, Ақыл, Қайрат, Адамдық жолын түздеу.
Еш зордың көнбегін деп мазағына, Ғасырым Ту тіктірді қазағыма. Билікті бейбіт жеңдік бас идіріп, Тартпай да жауапкерлік жазалыға.
Бала шақтан үйреніп сөз өнерін, Иеленсем деп едім жез елегін. Ортасынан өмірім қақ бөлінді, Есейгенде ел алып өз өлеңін.
Шақта да қиын қыстау тергелетін, Ақ сөзден айнымаған сұрақтасым. Кейі оның – жыр жазарда пікір қосқан, Бөліскен ой – сезімін сұрақтасым.
От басы – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз. Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз.