Мәуліт- мейрам Мұхаммет үмбетіне.
Елшісіне Алланың ақ ниетін ұсынған, Мәуліт өтеп жатыр көп мешіт толы мұсылман. Жүреледі сап түзеп, тына қалды қалың жұрт, Құдай үйі тыншыды абыр-сабыр тысырдан.
Елшісіне Алланың ақ ниетін ұсынған, Мәуліт өтеп жатыр көп мешіт толы мұсылман. Жүреледі сап түзеп, тына қалды қалың жұрт, Құдай үйі тыншыды абыр-сабыр тысырдан.
Болмыс бойдан озбайсың,- мойын созып, Болмыс ойдан озбайсың,- ойың созып. Бойда, ойда озам деп жүргеніңде, Қалғаныңды сезбейсің қайда тозып.
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға! Аты да, өзі де ұлы тұрар алда. Отанмен, туған жермен теңесесің, Нәр алған аналардан даналар да.

Томпайып бейіт қалды белең қырда, Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға. Білген жоқ бірақ ана сол ұлының, Боларын құмар өрен өлең-жырға.
(Өмірбаянның бірінші беті) 1.Мешін жыл ақпанында Үріккен ел етегін жаппаған шақ, Арттан да алдан үрей қаптаған шақ. «Келімсек», «шолақ етек», «қашқын» деген Ен-таңба үркін елге шаптаған шақ.
( Алматы Құрылыс корпорациясының төрағасы, “Отан” Партиясы төрағасының орынбасары Аманкелді Ермегияевке ) Азаматы алаштың, құрылысшым, Алысқа да жақынға ұғыныстым. Аманкелді батырдың атын алған, Өнерге де ғылымға жұғыныстым.