Ә С П Е Т
Ибалы ізетпен Сәлем бер үлкенге, Ізгілік іздеткен, Ашылсын нұр кеуде.
Ибалы ізетпен Сәлем бер үлкенге, Ізгілік іздеткен, Ашылсын нұр кеуде.
Марқұм атам Нүсіпбекке ескерткіш . Автор . К І Л Т Әр сөзі атамның Дәрістей алмасқан. Жүгіндей атанның Көш бастап маң басқан.
«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп жыр төккен ақын Абайдың жыр жолдарын өмірлік ұстанымы еткен, атам Естеу Нүсіпбековтің тек ұстаздық, ақындық, азаматтық болмысында ғана көрініс тапқан жоқ. Өз отбасын тәрбиелеуде де ғұмырлық кредосы болды десем артық айтқан болмас…
Ақынның алғашқы жинағы 1957 жылы Шиңжаңның Жастар баспасынан «Арман» деген атпен шыққан. Онда кітап атын иеленген өлең былай аяқталады: …Шіркін, Арман, көз ұшынан қылаңдап, Жеттім десем, алыстайсың бұлаңдап. Қуа беру сені неткен тамаша! Жеткізбеші, жеткізбеші сылаңдап…
Қазақтың мың жанып, мың өшкені көп, Тар кезең, қилы заман кешкені көп. Малға өріс, жанға сая табам ба деп, Ауғын боп ата жұрттан көшкені көп. Зынданнан қашып шығып, кісен ашып, Тасқа ұрып, қолдан бұғау шешкені көп.
Бозторғайың, бөденең — Қырғиыңның азығы. Көтерілген көдеден… Момындығы — жазығы. Киігің мен елігің — Тырнақтыңның азығы.