Пысық жігіт
Тиерде менен пайда жылмаңдайды, Қылықты жас әйелдей қылмаңдайды. Кейде ерте, кейде кеш кеп хал-жай біліп, Көңілді ауламаған күн қалмайды.
Тиерде менен пайда жылмаңдайды, Қылықты жас әйелдей қылмаңдайды. Кейде ерте, кейде кеш кеп хал-жай біліп, Көңілді ауламаған күн қалмайды.
Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.
Танды қуа алаулап күн шығары — ақиқат. Шабыт қуса ширығып жыр туары — ақиқат. Сезім құлын желіде жұлқынары — ақиқат. Ноқта қиып желкесін шұрқырары — ақиқат.
Сабыр, тағат безбенде Тартыларын сезгем бе?! Лифтіменен зәулімге Көтерілдім лез-демде.
АЛЫПТАР ЖОЛЫ Ақ түтекте Көбік қар асатқызып, Ат құйғытып, Әр тұстан қасат бұзып, Қатар-шыққан қазақтың алыптары Өткел, көпір тастапты жасатқызып… Ақылы — көл, дария танығанға, Қайрақтай ой қылпытар жанығанға. Қазақтықты бойыңнан тулатады, Қуат құйып қоп-қою қаны қанға.

Бабаң-көкжал, атақты Торғай датқа, Нағашы атаң Хиуада болған тақта. Өрлік, отты қайсарлық қаныңда ойнап, Толымды ойлы заңгер боп келдің сапқа.