
Әлихан
Арғы тегің өрбиді қара көктен, Қарқаралы хан тұтқан асыл тектен. Қилы қиян: қыр — аңду, қала — күзет, Жолың тайғақ- тас кешу басып өткен.

Арғы тегің өрбиді қара көктен, Қарқаралы хан тұтқан асыл тектен. Қилы қиян: қыр — аңду, қала — күзет, Жолың тайғақ- тас кешу басып өткен.
Семейден семинарист шыққан Екеу, Шығысша, Батысша да ұққан Екеу. Бажылдақ айтыстарға басу айтып, Сыбаға тартып жүрді мықтап өтеу.
Азаттық айғайшасы аттандаған, Аттанға аттан қосар шақ таңдаған. Ақ алмас семсер тілмен тоттанбаған, Төкпей сыр, аршымай іш тоқталмаған.
Бағына бере салған Бір Жасаған, Риза, қазақ тілі риза саған. Басыңа қалай сыйған сонша дүние? Әулие адамдайсың мың жасаған. Құл сөзден шоқай тартып, таяқ тұтқан, Жасадың ер терминдер жүрек жұтқан. Ғылымның айбарлы азу атаулары Бұраңдап балтырыңды болды Құтпан.
Мағжан — от, қазағыңның жанған шағы, Ел көші өртте малтып маңған шағы. Қорланған арулардың мойнында шоқ — Үзілген бытыр-бытыр жан моншағы. Мағжан — от, дауыл үрлеп лапылдаған, Мағжан -қан, қолқа қуып лақылдаған. Мағжан — оқ, нысанаға дөп тиетін, Қас мерген…
МҰҒАЛІММІН (поэма) 1. Уақытқа наз Мұғаліммін мазасыз білім десе, Көз майымды тауысты күнім неше. Рахат тауып қалар ем бұл шақта да Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…