Метка өмір жолы

Хамит Ерғалиев

Хамаңа

Шабытын шарқ ұрғызды Хамаң ақын, Жайраң көз жарылқады жамағатын. Шығандап шықты алға, кейін тастап, Сан жүйрік ақындарды шаба алатын. Тұғырын ақындықтың биіктетті, Дастанды, лириканы үйіп-төкті. Иіріп оңқай асық сақасындай, Сегіз қыр, сексен сырлы сүйікті етті.

Хирург Кенжехан және Гусеиін інілеріме

1.Операция алдында. Тапсырдым тағдырымды, бауырларым! Жаныма әбден батты ауырғаным. Қуыққа қорып қалған тасты алуға Жетеді деп сенемін сабырларың. Тілеймін емі шипа қолға қуат, Алла алдан ақ жарылқап құйсын шуақ. Арылып дертінен тән, жеңілдеп бой, Айығып аурудан тисін сауап.

Ақ құс арман

Ашық-жайлы таңында октябрьдің Қырқадағы-ауылдан атқа міндім. Әбдкерім, Сұраубай жолдасым боп, Оқу деген қойны ыстық жолға кірдім. Әсейіннен таныдым төңеректі, Бұқара мен Байбазар өнер екті. Қазақша да ұйғұрша, өзбекше… Қолтықтатты кітаптар кереметті.

Ініге

Басынан бұл ағаңның не кешпеді? Көп дұшпан көре алмаған не деспелі ?! Ұқсайды керуен жолға арттағы інім, Боздатып боз інгенін ел көшкені. Атадан қаттап жиған естігенін, Сезімін тізгіндеген есті де едім. Өмірдің даңғылына шығармады, Жолымды жолсыздықтар кесті менің.