Райхан қызым
Ақ бұлағым тануға, Анализші сен болдың. Асыл судан қануға, Кесе ұсынған сен болдың. Математик ғалымсың. Атақты да қорғаған. Баспагерсің, заңгерсің, Кітабың бар ондаған.
Ақ бұлағым тануға, Анализші сен болдың. Асыл судан қануға, Кесе ұсынған сен болдың. Математик ғалымсың. Атақты да қорғаған. Баспагерсің, заңгерсің, Кітабың бар ондаған.
Жерлессің, замандассың, сыйлассың да, Бірісің етене ескі қимастың да. Тілеулес істер істеп тілеулеске, Достарың достарыммен миластың да. Базарлы, бапты ұстап көңіл құсын, Болса да созысқан күн қолдың ұшын. Дос-жарды, таныстарды көбейтуде, Сенің көп бізден дара оқшау тұсың.
Бисмилляхи Рахмани Рахим! Болар ма екен Аллахқа енді сыйым?! Иір-шиыр өмірге өкінішпен, Ниет, ындын, нәпсіме салдым тыйым. Таупих үйім – мешітім, жұма жиын.
Құдайым өмір берді сөресі алыс, Пешенем болғаны ма кере қарыс? Жарар ед солай болса.Әй, білмеймін, Қайда бар жүгінерлік төре, қалыс? Сауал көп: Хақым қанша мақтануға? Көп жасап көп күнаға батпадым ба? Ада етіп ақ парызды ақтадым ба? Әрдайым ар-ұятты сақтадым…
Құдайым өмір берді мәресі алыс, Өнерлі ойда таңдатты бәйге-жарыс. Қолдан қалам түспеді елу бес жыл, Не тындырдым, әз жұртым өзің қалыс. Әділдігін өзің айт, қайран қалыс, Болмағаным ап-анық сайран салғыш. Тек өнерді қууға босатпады Қыл арқандай мойнымнан байланған іс.
Естімей бір мадақ сөз мейір қанды, Кеттің көрмей жақсы күн, жақсы таңды. Тигені жоқ сыбағаң, толық еншің, Өткізсең де басыңнан талай даңды. Ұзақ аңыз кешірген — арғың, бергің, Тарғалаң жол, тар кезең ауғын, келгін… Сонда да сен «Қасен мен Жәмиладай»…